/ Басты / Жоба жайлы

Жоба жайлы

Жобаның атауы: «Діни экстремизмнің алдын алуға және интернет кеңістігін діни радикалды идеологияларға қарсы насихаттауға бағытталған шаралар кешені».

Жобаның мақсаты:

  • интернет кеңістігінде діни экстремизмге қарсы тұру бойынша профилактикалық, ақпараттық-насихаттық және қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелеу;
  • діни экстремизмнің алдын алуға және интернет кеңістігін діни радикалды идеологияларға қарсы насихаттауға бағытталған ақпараттық жұмыстың бірлігі мен толықтығын қалыптастыру.

Тапсырма-1. Бірыңғай интернет-портал құру арқылы интернет кеңістігінде ақпараттық-түсіндіру және қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүйелеу, ұйымдастыру және жүргізу.

Тапсырма-2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтық қоғам институттары мен ұйымдарының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметін ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ экстремизм идеологиясының таралуына ақпараттық қарсы іс-қимылдың тиімді шараларын жүзеге асыру.

Тапсырма-3. Қиындықтар мен ақпараттық дағдарыстардың алдын алу және оларға жедел ден қою бойынша шаралар кешенін жүргізу.

Жобаны жүзеге асырушы: «Даму Қазақстан Қауымдастығы» ҚБ (nponews.kz)

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Дін істері жөніндегі комитеті» РМУ бұйрығымен.